Жасына немесе еңбек сіңірген жылдары үшін төлемдер биыл қаңтардан бастап, 8,5 пайызға өсті. Облыс бойынша зейнетақы және жәрдемақы есебінде барлығы 304 212 азамат бар. Оның ішінде Республикалық бюджеттен және 41 301 алушыға мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан тиісті төлем қарастырылған. Ал, жасына байланысты зейнетақыны 141 816 алушы, жәрдемақы 147 767 алушы тіркелген.