Еліміз бойынша автоматтандырылған кірпіш зауыты алғаш боп Байзақ ауданында іске қосылды. Өндіріс ошағы жылына 36 млн дана кірпіш шығаруға қауқарлы. Ашылу салтанатына облыс әкімі Ербол Қарашөкеев қатысты. Аймақ басшысы отандық өнімдердің сапасы мен өнімділігін арттыру бағытында атқарылып жатқанын атап өтті.