Жамбыл облысында өңдеуші өнеркәсіп, ауылшаруашылығы және өзге де салаларда ілгерілеушілік бар. Жыл басынан бері Әулиеатаға жалпы құны 545 млрд теңге болатын инвестиция тартылды. Құрылыс жұмыстары да қарқынды жүруде. Экономикасы тұрақты, өндірісі қуатты өңірде атқарылып жатқан игі істерге Сенат төрағасы оң бағасын берді.

Аймаққа жұмыс сапарымен келген Мәулен Әшімбаев жергілікті мәслихат депутаттарымен және белсенді жастармен кездесуде Мемлекет басшысы берген тапсырмалардың орындалу деңгейі жөнінен жамбылдықтардың белсенді екендігін атап көрсетті. Жиында сондай-ақ, өңірлердің әлеуетін арттыруға ықпал ету бағытында мәслихаттармен бірлескен жұмыстардың жаңа басымдықтары талқыланды.