Елімізде ешқандай қылмыс тіркелмеген ең тәртіпті ауыл жайлы естіп пе едіңіз? Жамбыл облысы, Балуан Шолақ ауылында соңғы екі жарым жылда бірде-бір құқықбұзушылық дерегі тіркелмеген екен. Өйткені өсіп, өнген ауылдың өрендері үлкендерден үлгі алады. Ал аға буынның айтқаны жастар үшін бұлжымас заң бабындай. Тіпті жуырда жастарға жақсы үлгі болған қариялар қауымын ел Президенті арнайы құттықтады.