Астанада Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің штаб-пәтері ашылды. Бұл құрылымға бүгінде сары құрлықтың 28 мемлекеті мүше. Оның негізгі мақсаты аймақтағы бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Кеңесті құру туралы бастаманы 1992 жылы Қазақстан тарапы көтерген. Бас кеңсенің ашылу рәсіміне Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қатысты.