Қазақстандықтардың Отбасы банктегі депозиттері заңмен қорғалады. Бұдан былай жинақта жатқан ақшаға, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан аударылған қаржыға үшінші тұлғалар қол сұға алмайды. Заңға Президент қол қойды. Бұған дейін қандай да бір себептермен тұтынушы басқа несиелерін төлей алмай қалса, сот орындаушылары банктегі жинағын нотариус арқылы бұғаттап тастайтын. Бұл азаматтардың қаржылық жағдайын одан бетер қиындатып жіберетін. Банктің мәліметінше, қазір 3 млн 200 мың азаматтың отбасы банкте жинағы бар. Яғни жұмыс істейтін әрбір үшінші қазақстандық болашақ баспанасына ақша жинауды бастап кеткен.