Өңірде биыл басталған нысандардың құрылысын толықтай бітіруге 80 млрд теңгедей қаражат қажет. Сондықтан, қазіргілерді аяқтамай жатып, жаңасын жоспарламау керек. Себебі, бюджеттің бүйірі көтермейді мұны. Облыс әкімінің бірінші орынбасары депутаттарға осындай өтініш білдірді. Нұржан Календеров «Аманат» партиясы депутаттары фракциясының отырысында сайлауалды бағдарламаның Жол картасында көрсетілген кейбір көрсеткіштердің орындалмау қаупі бар екенін айтты.