Биыл 510 тараздық мемлекеттік грант алады. Олардың 107-сі бірінші лекте көмекқаржыға қол жеткізді. Халықтың осал топтары үшін берілетін бұл қаражат әлеуметтік топтардың бизнес-идеяларын жүзеге асыруға қаралған. Бірнеше жылдан бері беріліп келе жатқан гранттар жұмыссыз жандардың өз кәсібін ашуына айтарлықтай демеу болып отыр.