Әр баланың білім алуда өз ерекшеліктері бар. Осыны ескерген Жамбыл облыстық «Өрлеу» біліктілігін арттыру орталығы мамандары  «Инклюзивті  білім беру жүйесін жетілдіру» тақырыбы аясында ғылыми-тәжірибелік конференция өткізді. Толығырақ тілші тарқатады.

Қазіргі таңда инклюзивті оқыту –барлық балалардың мұқтаждығын ескере отырып білім алуына жағдай жасау.  Соның ішінде мүмкіндігі шектеулі балларды жалпы білім беру мекемелерінде оқытуға жол ашу. Осы бағытта облыстық «Өрлеу» біліктілігін арттыру орталығының педагогтары бүгін тәжірибе алмасты.

Әйгерім Абзалбекқызы /АҒА ОҚЫТУШЫ/

/Мемлекеттің басты саясатының бірі –білім беру. Ал, сапалы білім, ол  қол жетімді білім. Ол өз кезегінде инклюзивті білімді қамтиды. Сондықтан да бүгінгі конференциямыздың басты мақсаты- инклюзивті білім беру жүйесін дамытып қана қоймай, өзекті мәселелерді талқылайтын диалогтік алаң құру болып табылады/

Ғылыми конференция барысында «Өрлеу» орталығының педагогтары онлайн түрінде өзге облыстармен жүздесті. Мұндай байланыс  ерекше білімді қажет ететін оқушылармен  жұмыс жасайтын ұстаздарға үлкен көмек.  Өйткені инклюзивті білім беру ол бүгінгі күнде ең маңызды мәселелердің бірі болып отыр.

Гүлшат Сейітбекова /«Өрлеу» БАҰО» АҚ Жамбыл облыстық ПҚ БАИ директоры/

/Әр бала сапалы білім алуға мүмкіндігі болуы керек. Ол бала үйінде оқиды ма, ол бала мектепте басқа баллармен біргі бір партада оқиды ма, ол бала қалып қалмауы керек. Қазіргі кезде 21 ғасырдың баласы болып сапалы білім алып, қоғамға бейімделу керек/

Ғылыми конференцияда «Болашақ» мектеп интернатының өнерлі балалары би биледі. Бұл балларыдың мүмкіндігі шектеулі, яғни музыканы есту қабілеті болмаса да сау баллардан кем емес екендіктерін көруге болады. Әр бала - талант иесі. Ал, сол бойдағы барды ашуда бейімдеу орталығының мұғалімдері аянбай еңбек етіп келеді.