Жамбыл облыстық Полиция департаментінің басшысы Қайсар Сұлтанбаев жұмыс сапарымен Байзақ ауданына барды. «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында тұрғындарымен кездесіп, құқықбұзушылықтың алдын алу бағытында атқарылып жатқан шаралар жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
“Полицияның қоғаммен өзара тиімді байланысы оның жұмысының ашықтығын көрсетеді. Сондықтан тұрғындармен тікелей сұхбаттасу арқылы азаматтардың пікірін тыңдап, қазіргі уақытта халықты алаңдатып отырған жағдайлар туралы біле аламыз”, - дейді департамент басшысы.