Алдағы жылы су тапшылығына байланысты облыстағы егістік алқабы едәуір қысқарады. Осыған орай, құрғақшылыққа төзімді дақылдарға көшу мен су үнемдеу технологияларын белсенді енгізуді қазірден қолға алу қажет. Жамбыл облысына жұмыс сапарымен келген премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев жауаптылармен бірге аталған мәселені пысықтап, нақты тапсырмалар жүктеді.