Полиция департаменті азаматтардың құқықтарын қорғау мақсатында сондай-ақ құқық бұзушылықтың алдын алу бағытында қандай жұмыстар атқаруда? Облыстық Қоғамдық кеңес отырысында қоғамдық тәртіп мәселесі талқыға түсті. Жауапты мамандардың сөзіне сенсек, соңғы уақыттарда бірқатар бағыттар бойынша қылмыс көрсеткіші азая түскен. Алайда, интернет алаяқтық белең алып барады екен.