«Этносаралық және конфессияаралық келісім» тобы Байзаққа барды. Олар Бурыл, Қостөбе, Түймекент ауылдық округтеріне болып, тұрғындармен арнайы кездесті.

«Бейбітшілік пен келісім» жобасы – аймақтағы этнос өкілдері көп шоғырланған елді мекендердегі этносаралық келісімді нығайтуға және халықты толғандыратын мәселелерді анықтауға бағытталған. Облыс орталығынан барған өкілдермен кездесуге аудан басшылары аудандық ардагерлер, қоғамдық кеңес, билер кеңесінің төрағалары қатысты.