«Той мәдениеті – ұлт мәдениеті!». Аймақта осындай тақырыпты ту еткен жобасы қолға алынып отыр. Оған рухани орталықтар мен қоғам белсенділері білек сыбана кірісуде. Басты мақсат – тойдағы дарақылық пен ысырапқа, арсыздық пен әдепсіздікке мүмкіндігінше тоқтам жасау.