Республика күні – еліміздің тәуелсіздігі мен дербес мемлекет ретінде даму жолындағы маңызды тарихи белесі. 1990 жылғы 25 қазанда Қазақ КСР-інің Мемлекеттік егемендігі туралы Декларация қабылданып, Қазақстанның тәуелсіздікке бастар алғашқы қадамы жасалды. Осы ұлттық мереке қарсаңында «AMANAT» партиясы Жамбыл облыстық филиалы салтанатты жиын ұйымдастырды.