25 қазан – Республика күніне орай Қордай ауданына қарасты Қарасу және Қаракемер ауылдарында 300 орындық екі жаңа мектеп пайдалануға берілді.
Шараның ашылу салтанатына облыс әкімі Ербол Қарашөкеев қатысып, тұрғындарды айтулы мерекемен құттықтады. Өңір басшысы өз сөзінде білім беру саласын дамыту – ел болашағына бағытталған ең маңызды қадамның бірі екенін атап өтті.