Дулати атындағы Тараз университетінің студенттері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауын белсенді түрде қолдап отыр. Биылғы Жолдауда елдің заманауи даму бағыты, инновациялық технологияларды енгізу, оның ішінде жасанды интеллектіні меңгеру мәселесі кеңінен қозғалды.