Тараз қаласында халықты жұмыспен қамту шаралары нақты нәтиже беріп келеді. Сала басшыларының сөзінше, соңғы айларда жұмыссыздық деңгейі төмендеп, еңбек нарығындағы белсенділік арта түскен. Нәтижесінде жыл басынан бері 4422 қала тұрғыны жұмысқа орналасқан.