Қазақстан үш жылда цифрлық елге айналмақ. Президент бүгінгі мәлімдемелерінде жаңа технологияларға басымдық берді. Жолдау тақырыбы да соған саяды. Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу. Енді ел өміріндегі барлық салаға цифрлық шешімдер енгізіледі. Президент үндеу барысында елдегі банктерді сынап алды. Қаржы ұйымдары тек қарапайым тұрғындарға несие берумен айналысады, ірі жобаларға да ақша салуы керек дейді. Ұлттық банк пен үкімет шұғыл тапсырма берілді. Атом станциясы мен инвестиция, ауыл шаруашылығы мен инфляция.