Қоғамға қозғау салған Президенттің биылғы халыққа арнаған Жолдауынан туындайтын нақты міндеттерді жамбылдықтар да жүзеге асыруға мүдделі. Бүгін облыс орталығында “Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: Өзекті мәселелер мен оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу” атты Жолдауда көрсетілген мақсат-міндеттер бойынша актив жиыны өтті. Басқосуда сала мамандары жыл құжаты аясында облыс көлемінде атқарылатын жұмыстардың жоба-жоспары жайында баяндады.