Жүргізілген саяси реформалардан соң елімізде қазір "күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет" тұжырымдамасы барынша орнықты. "Халық үніне құлақ асатын мемлекет" қағидаты іске асырылды. Десе де, нағыз дамыған ел боламыз десек, саяси реформалармен шектеліп қалмауымыз керек. Осы жұмысты заман талабына сай реформаға ұштастыру маңызды.

Бүгінгі Жолдауында Қасым-Жомарт Тоқаев, әдеттегідей елдің еңсесі тік, қадамы нық болу үшін дамудың келесі бағыттарын айқындап берді. Жасанды интеллектіні жандандыру, ауылшаруашылығы, жұмысшы мамандықтарына құрмет, инвестиция тарту, өңдеу өнеркәсібін дамыту сынды ел экономикасының дамуына серпін берер маңызды міндеттерді атап көрсетті. Оларды жұрт болып жұмыла жүзеге асыру ортақ игілік, дейді қоғам белсенділері.