Қордай ауданында Қазақстан Халқы Ассамблеясы құрылды. Бүгін аталған ұйымның алғашқы сессиясы өтті. Оған облыс әкімі Ербол Қарашөкеев қатысты. Жиында ел бірлігін сақтау, татулықты ту етіп, өзара ынтымақты бекемдеу жолындағы жоспарлар мен міндеттер нақтыланды.