Қазақстан үш елге ғарыш аппаратын экспорттайды. Бұл арқылы мемлекет 75 млн доллар табыс табады деп көзделуде. Ғарыш аппараты жеткізілетін елдер тізімінде Нигерия, Конго және Моңғолия бар. Қазір алты ғарыш аппаратын құрастыру жүріп жатыр. Оның ішінде жерді қашықтан зондтауға арналған оптикалық спутник және жер бетін сканерлейтін ғарыш аппаратының түрлері бар. Бұл құрылғылардың көмегімен жер бетін ғарыштан әр түрлі әдіспен түсіріп, ақпарат алуға болады. Жерсерік жердің жағдайын тиімдірек бақылауға, су ресурстарын басқаруға және қоршаған ортадағы өзгерістерді талдауға мүмкіндік береді.