Қыркүйек айында – жаңа оқу жылымен қатар, күзгі әскерге шақыру науқаны да басталады. Мемлекет басшысының жарлығына сәйкес еліміздің барлық өңірлерінде қалалық және аудандық шақыру комиссиялары жұмысын бастады. Науқан жыл соңына дейін жалғасады. Осы аралықта 18 бен 27 жас аралығындағы 22 мыңға жуық азамат Отан алдындағы борышын өтеуге аттанады.