Енді қазақстандықтар Арменияға жеке куәлікпен бара алады. Паспорттың қажеті болмайды. Яғни, Арменияға барғыңыз келсе, жеке куәлігіңіз ғана қажет. Қазақстан мен Армения азаматтарына осындай мүмкіндік туды.Бүгін Мәжіліс депутаттары осы келісімді ратификациялады. Сондай-ақ, екі елде жүру мерзімі ұзартылды. Бұған дейін, 30 күн тұрақтауға рұқсат берілетін. Енді 90 күн жүруге болады.