Биыл өңірдің ауыл шаруашылығы саласын қолдау мақсатында республикалық және жергілікті бюджеттен 48,2 млрд. теңге қаржы бөлінген. Бүгінгі күнге шаруаларға 29,0 млрд. теңге қаражат төленіп 90% қаржы игерілді. 5 мыңнан астам шаруаға мемлекеттік қолдау көрсетілді.
Нәтижесінде 7 айдың қорытындысы бойынша 149,5 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, нақты көлем индексі 102,1%-ды құрады. Бұл аталған ақпаратты брифингте Жамбыл облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Қайрат Көшенов айтты.