Бала арманы – шындыққа айналды. Меркілік Талант Жандаулетов бала күнінен техникаға жақын болып өсті. Қаршадайынан еңбек етті, енді жемісін көріп отыр.

Қазір ол Сұрат ауылының белгілі кәсіпкері, техника шебері. Бала күнінен әкесінің қасында жүріп, трактордың күрделі құрылысын да, қарапайым жөндеуін де көзімен көріп, көңілге түйген ол, бүгінде сол бала арманын кәсібіне айналдырып отыр.