Мемлекет басшысы Моңғолияның Ұлы Мемлекеттік Хуралының Төрағасы ДашзЭгвийн АмарбаясГаланмен кездесті. Президент былтыр қазан айындағы Моңғолияға жасаған сапарының нәтижесінде Үкімет пен түрлі мекемелер арасындағы қарым-қатынас күшейе түскенін айтты. Мемлекет басшысының айтуынша, сан қырлы қарым-қатынасты дамыту ісінде Парламент дипломатиясы маңызды рөл атқарады. Бұл ретте Қазақстан достас Моңғолия елімен стратегиялық серіктестікті жан-жақты нығайтуға мүдделі.