Байзақ ауданында Жамбыл облысы әкімдігі Еңбек мобильдігі орталығы мен Байзақ аудандық Мансап орталығының ұйымдастыруымен бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті. Бұл іс шара «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында жұмыссыздарға, пробация есебіндегілерге және алимент бойынша берешегі бар азаматтарға арналды.