«Білім келешегі: адал азамат, кәсіби маман». Биылғы Тамыз конференциясының тақырыбы осындай. Жаңа оқу жылындағы өзгерістер талқыланып, алдағы жоспарлар түзілетін дәстүрлі жиынға Оқу-ағарту вице-министрі Майра Мелдебекова арнайы қатысты. Мәртебелі мейман білім саласындағы жаңашылдықтармен таныстырды. Сондай-ақ мұнда бала тәрбиесінде еселі еңбек еткен, саланың дамуына сүбелі үлес қосып жүрген ұстаздар қауымы марапатталды.