Қордай ауданында екі жаңа шағын футбол алаңы пайдалануға берілді. Спорт нысандары Қордай ауылындағы «Самал» шағынауданында және «Жібек жолы» көшесінің бойында орналасқан. Тұрғындардың ұсынысымен мемлекет қаражаты есебінен жүзеге асырылған жобалар қысқа уақыт ішінде ел игілігіне тапсырылып отыр.