Жамбыл облысында егін жинау науқаны қарқынды жүріп жатыр. Биыл ауыл шаруашылығы дақылдары 640 мың гектар жерге егілді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 14 мың гектарға көп. Оның ішінде 362 мың гектарға дәнді және бұршақты дақылдар егілген. Ал 38 мың гектарға майлы дақылдар себілді.