Жаз шығып, жазатайым оқиғалар жиіледі. Биіктен құлап кеткен бүлдіршіндер саны екі есеге артқан. Статистикаға сүйенсек жыл сайын 300-ге жуық бала терезеден құлап мертігеді, мерт болатыны да бар. Әсіресе жаз шығып, күн жылынғаннан кейін бұл трагедия көбейе түскен.