Ауылдарға таза су жеткізу жобалары созылып кетті. Бүгін Олжас Бектенов жауапты министрлерді осылай деп сынға алды. Қазір ауыз сумен қамту жұмыстарына жемқорлардан қайтарылған қаржыдан да тартылып жатыр. Дегенмен, кейбір шалғай ауылдарға орталықтандырған су жеткізу мүмкін болмай тұр. Өнеркәсіп және құрылыс министрі саладағы мәселені толық шешу мүмкін емес деді.