Киіктердің санын азайту арқылы пайда табуға болады. Бүгін Мәжілісте ғалымдар осындай ұсыныс айтты. Жыл сайын жануарлардың 20 пайызын кәдеге жаратсақ, бюджетке миллиардтаған доллар кіріс кіреді. Тек заңға өзгерістер керек дейді олар.