Дәстүрге айналған ақсақалдар арасындағы бата беру сайысы өз құндылығын жоғалтпай жалғасып келеді. Бүгін Таразда ардагерлер арасында «Батаменен - ел көгерер» сайысы өтті. Рухани сайысқа қаланың 6 округінен іріктелген батагөй ақсақалдар қатысып бақ сынады.