Президент ел дамуына елеулі үлес қосқан қос бірдей ардагерге мемлекеттік марапаттар табыстады. Қоғам қайраткері Равиль Шырдабаев «Отан» орденін кеудесіне тақса, танымал хирург Серік Тоқпановқа I дәрежелі «Барыс» ордені берілді. Қасым-Жомарт Тоқаев халқымыз Равиль Шырдабаевты мемлекеттігімізді нығайтуға зор үлес қосқан азамат деп айрықша құрметтейтінін айтты. Әсіресе, мұнай-газ саласын өркендетуге мол еңбек сіңіргенін еске салды. Сонымен қатар Президент білікті дәрігер Серік Тоқпановтың медицина саласына сіңірген еңбегіне тоқталды. Аса күрделі операциялар жасап, мыңдаған адамның өмірін сақтап қалғанын атап өтті.