Жамбыл обылыстық көп бейінді онкология және хирургия орталығында шеберлік сағаты өтті. Онкология және хирургия орталығының базасында асқазан, ішек, ұйқы безі, қалқанша безі, жатыр және аналық бездер қатерлі ісіктерін лапароскопиялық, яғни аз инвазиялық әдіспен хирургиялық емдеу бойынша пікір алмасты.