Елімізде цифрландыру саласы жандана түсуде. Енді өмірлік қиын жағдайда қалған отбасыларды анықтау бойынша жаңа платформа іске қосылды. Нақтырақ айтқанда, елімізде әлеуметтік қолдау шараларын цифрлық форматқа көшіру бойынша кешенді жоба қолға алынды. Еңбек және халықты әлеуметтік қолдау министрлігінің бастамасын жүзеге асыру тетіктері жауапты мамандарға таныстырылды.