Енді міндетті әлеуметтік сақтандыру қорына жарна төлемегендер де обырға қарсы скринингтен тегін өте алады. Президент тиісті заңға қол қойды. Құжатқа сәйкес, есту қабілеті бұзылған азаматтарға да енді аппарат тегін беріледі. Бұдан бөлек, ойын бизнесі туралы нормаға түзетулер енгізілді. Сотталғандар мен бас бостандығынан шектелгендерге бәс тігуге тыйым салынады. Букмекерлік кеңселерге кез келген сайт жарнама жасай алмайды. Бұл тек спорт бағытында хабар тарататын бұқаралық ақпарат құралдарына рұқсат етіледі. Сондай-ақ мессенджерлер арқылы құмар ойынға шақыратын хат жіберуге болмайды.