Қазақстанда жол-көлік оқиғаларынан зардап шеккендер саны азаймай отыр. Ал, жүргізушілер алатын міндетті сақтандыру өтемақысы шығындарды толық жаппайды. Әсіресе көлікті жөндеуден бөлек, жарақат алғандарға немесе қайтыс болғандардың жақындарына төленетін қаржы тым аз. Сондықтан қазір жүргізушілер арасында қосымша сақтандыру полистерін рәсімдейтіндер көбейген. 2025 жылдың басында ерікті сақтандыру бойынша түсімдер 42 миллион теңгеден асып, бір жылда 62%-ға өскен.