Облыс әкімі ветеринарларға 50 қызметтік автокөліктің кілтін табыстады. Қосақ ауылында өткен шараға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, Су ресурстары және ирригация, Ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілдері қатысты. Сондай-ақ, бірқатар азаматқа өңірдің өркендеуіне елеулі үлес қосқаны үшін құрмет көрсетіліп, төсбелгі табысталды.