«Жеңістің 80 жылдығына – 80 ізгі іс» акциясы аясында «Ардагерлерге мың алғыс» әлеуметтік керуені, бүгін Құлан жеріне ат басын тіреді. Шара «Аманат» партиясының қолдауымен ұйымдастырылған. Негізгі мақсат - соғыс және тыл еңбеккерлеріне лайықты құрмет көрсету. Сондай-ақ, бастауыш партия ұйымдарын, мемлекеттік құрылымдарды, қоғамдық ұйымдарды, бизнес пен еріктілер қозғалыстарын біріктіре отырып, ардагерлердің өмір жағдайларын жақсартуға бағытталған және мерекеге арналған іс шараларды ұйымдастыру.