Ауылдықтар енді аудан орталығына немесе облысқа ат шалдырмай-ақ, өздерінің елді мекендеріндегі амбулаторияларда ем-шара қабылдай алады. Яғни, екпе салудан бөлек, физиотерапиялық ем алуға мүмкіндіктері бар. Ол үшін соңғы үлгідегі заманауи медициналық құрылғылармен жабдықталған кабинет ашылған. Олармен жұмыс жасай білу үшін мамандар арнайы оқытылуда. Бұл әсіресе, шалғай ауылдардың тұрғындары үшін қуанышты жағдай.