Талан таражға түскен 449 млн теңге қайтарыла ма?
ҚМА Қарағанды облысы бойынша департаменті «Еңбек» республикалық мемлекеттік мекеме филиалының бұрынғы басшыларына қатысты аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша тергеу жүргізуде. 2021-2023 жылдары аймақтық филиал «бір көзден сатып алу» әдісімен киім және аяқ киім өндірісіне арналған былғары және трикотаж шикізатын жеткізуге 23 келісім-шарт жасаған.