Үкімет 800 миллиард теңге сомасында салықтық жеңілдіктерді қысқартуды жоспарлап отыр. Ұлттық экономика министрінің орынбасары Арман Қасеновтың айтуынша, бұл қадам бюджет тапшылығын азайтып, мемлекет қаржысының қалыпқа келуіне ықпал етпек. Қысқартылатын салықтық жеңілдіктердің соммасы талқылау барысында өзгеруі де мүмкін. Жеңілдіктерді қысқарту нақты салаларда, экономикаға зиянын тигізбейтіндей деңгейде жүргізілмек.