Облысымызда балаларады мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту жүйесінде мемлекеттік жеке- меншік әріптестікті дамыту жұмыстары мықтап қолға алынды. Бұл балабақша тапшылығын жою үшін де керек. Бүгін Шөлдала алқабындағы «Алма» шағын ауданында жаңа балабақшаның ашылу рәсімі өтті. 75 балаға арналған бөбекжайға «Арданай» атауы беріліпті.