Жамбылдан жер алып, ондаған жылдар бойы үнсіз жатқан, аты бар, заты жоқ инвесторлармен қош айтысатын кез келді. Аймақ басшысы Ербол Қарашөкеев Қордай ауданына жұмыс сапары барысында осы бағыттағы тірлікті бір айдың ішінде пысықтауды тапсырды.
Сонымен қатар ауданға жұмысы сапарында өзекті мәселелерге назар аударған облыс әкімі тұрғындардыңда өтініш-тілектерін тыңдады, азаматтарды жеке сұрақтарымен қабылдады.