Бүгін елде инженерлік әскерилердің кәсіби мерекесі аталып өтіп жатыр. Салмақты саланың тарихы 1993 жылдан басталады. Өзге жауынгерлер секілді инженерлік сарбаздарға жауапкершілігі жоғары міндет жүктеледі. Сап түзеген әскерилер үнемі ел ішіндегі түрлі оқиғалардың бел ортасынан табылып жүр. «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының инженер-жауынгерлері де өз кәсібінің ерекше жауапкершілігін сезінеді.