Қазір еңбектеген баладан, еңкейген қәріге дейін әр күнін смартфонсыз елестете алмайтын күнге жеттік. Бүкіл әлемді бір алақанына сыйдырған гаджет адамдардың сымсыз байланысына, тіпті табыс тауып, қашықтықтан білім алуына мүмкіндік ашты.

Жыл сайын дамып, функционалды тұрғыдан жетіліп келе жатқан телефонды қарап тұрсақ артықшылығы өте көп. Алайда таяқтың екі ұшы бар демекші, смартфонның пайдасымен қоса, зияны да бар екенін ескеруіміз керек.